Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Борат 2" фильміне қатысты пікір білдірді.
"Әрине, біз екінші фильмнің шыққанын елемей қоя алмаймыз. Қазақстандықтар БАҚ-та екінші фильмнің пайда болғанын көріп жатыр. Менің ойымша, олар өнер адамдары ретінде ойын білдіре алады. Алайда олар адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне тимеуі керек. Қазіргі таңда Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанда бұл фильмді көрсету үшін прокатқа өтінім түскен кезде ресми түрде жауап бере алады", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.