Астанамызда Азия елдері жазушыларының алғашқы форумы аяқталып жатыр. Әлеуметтік желіден ақша шашылғаны туралы айқай - шу естігені де рас. Жиналысқа келген жазушыларымызды жекелеп сөз етсең желкесіне ілер мін жетерлік. Егер адамша ойласаң , суық ақылмен ойласаң, БҰЛ ТОПҚА АЛДЫ АЛПЫС ЖЫЛҒА ЖУЫҚ ҚАЗАҚТЫҢ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ТОП ретінде қарасаң, оның ұлтқа жасаған қызметі өлшеусіз. ОНЫ ЕШҚАНДАЙ АҚШАҒА СЫНДЫРЫП ЕСЕПТЕЙ АЛМАЙСЫҢ!
Қазақ сөзімен кез келген құбылысты бейнелеуге болатынын дәлелдейтін адамдардың, қазақ тілінде сөз құрап тебіренетін, тебірентетін адамдардың, қазақ тілінің өмір сүруіне бар күш-қуатын салған және салатын адамдардың ең шағын тобы осы кісілер.
Бір тал жебені сындырғанмен, бір шеңгел жебені сындыра алмайды.
Бұл жиналыс АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ әңгіме сұхбат құрып, өзара әсер етуіне, еңбегінің өнбегін сезінуіне, өзге ел қаламгерлерінің хал-күйін, қалай ойлайтынын сезінуге мүмкіндік берді.
Жиналыстың жабылу салтанатында сала Министрі АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВАНЫҢ жолдау хатын оқыған оның орынбасары НҰРҒИСА ДӘУЕШОВ жиналыстың біз сезінгендей табысты болғанын айтты.
ФОРУМДЫ ЕЛБАСШЫСЫ ашып берген күннен бастап, бір шама бағыттағы талқылаулар, кеңесулер мен келісім-шарт жасасулар басталды.
Олжастың әлемдік әдебиет жайлы әңгімесі мен жазушының күй-жайы туралы батыра айтқан базынасы және Араб жазушылары баяндаған ондағы көркем әдебиетке көлденең саясат санамызға дендеп, бойлады.
Келесі күнгі Қабдеш ЖҰМАДіЛОВТЫҢ "Әдебиет ұлттан бөлінбейді" деп аталатын баяндамасы. Баяндамадағы ШЫҢҒЫСХАННЫҢ ТЕГІ туралы пікірдің үлкен резонанс тудыруы, бәрі де форумның есте қалар елеулі сәттері болды.
Жабылу салтанатынан тікелей эфир жүргізіп отырған Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ
Байрағыңды тік ұста!