Әлем халқының жартысынан астамы АЗИЯДА тұратынын, әлемдік өркениет пен әдебиеттің әлмисағы АЗИЯ екенін ескерсек. Бұл форымды да осы үрдістің маңызы бөлек бір жиыны деп қабылдаған жөн.
Жиналысқа Азияның 38 елінен жүзге жуық танымал, талантты қаламгер мен 200 ге жуық қазақ ақын - жазушылары жиналған.
Айтулы форумды Ашып беруге келген ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ - ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ: "Қазақ әдебиетінің бастауы "БІЛГЕ ҚАҒАН ТАС КІТАБІ МЕН ҚОРҚЫТ ЖЫРЫНАН" БАСТАУ АЛАТЫНЫН айта келіп, сөз салмасын "ШУМЕРГЕ", Мысыр, Қытай жазбаларына дейін сілтеді.
Абайдың "АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ" деген сөзін дәйекке алған ЕЛ БАСШЫСЫ: Азия мәдениетінің тұтастануын дәріптеп, оған тұсау болатын жасанды кедергілерді жоюды айтты. Сонымен бірге "АЗИЯНЫҢ ӘДЕБИЕТ СИЛЫҒЫН" тағайындау керегін. Оны әлемдік әдебиеттің беделді силығы деңгейіне көтеру қажетін ұсынды.
Үш күндік бағдарламамен өтетін форумның САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ әр елден келген сөзшеңдердің мінберге кезектесіп көтерілуімен көрігін басып жатыр.
Астана EXPO CONGRESS залынан тікелей әфирде тілшіміз АЛМАС АХМЕТБЕКҰЛЫ
БАЙРАҒЫҢДЫ ТІК ҰСТА!