Қарағанды облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен Таймас батыр кесенесін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Тарихи ескерткіш мемлекеттік қорғауға алынып, «Қасиетті Қазақстан» жобасына енгізілді.
Таймас батыр Кенесары ханның жанында елеулі рөл атқарған және оның әскери мәселелер бойынша ең жақын кеңесшілерінің бірі болған. Кесенені қалпына келтіру кезінде мамандар кесененің көрінісін мүмкіндігінше сақтап қалды.
Темірғали Аршабеков, тарихшы:
- Таймас батыр ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі ғана емес, сонымен қатар соңғы жылдары Қареке-Алтай өлкесінің биі болды. Бұған түрлі дерек көздеріндегі тарихи фактілер дәлел бола алады.