Қазақстан Республикасының ақпарат саласында ұзақ жыл қызмет атқарған белгілі журналист Жолдасбек Дуанабай қайтыс болды.
«Жолдасбек Дуанабай кеше №7 ауруханада (Алматы) қайтыс болды. Жедел жәрдем оны ауруханаға алып барудан бірнеше мәрте бас тартқан. Демі тарылып, өкпесі қысылып, жағдайы нашарлаған. Кеше ол әріптестерінің айтуымен жедел жәрдем көлігіне отырып, жан сақтау бөліміне жеткен. Арада көп уақыт өтпей өмірден өтті», - деп жазды журналист Нәзия Жоямергенқызы.
Марқұмның әріптестері ол туралы естелік жазбалар жариялап, жақсы адам, адал дос, кәсіби маман болғанын жарыса жазуда. Ол - «Жас Алаш», «Айқын» сияқты ірі басылымдарда өз қолтаңбасын қалдыра білген қадірлі журналист.
Bairaq.kz порталының редакциясы марқұмның туыстарына, отбасына, дос-жарандарына қайғырып көңіл айтады.