Қазақ тілінен орыс, орыс тілінен қазақ тіліне
ілеспе аударма жүргізу курсы
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран көшесі 18-үй Бизнес орталық
Өтетін мерзімі: 2020 жылғы 22-26 маусым аралығы
Басталу уақыты күн сайын – 09:00
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында мақсатында қазақ тілінен орыс, орыс тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жүргізуді үйрету курсын өткізеді.
Аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасы, қазақ тілінің ресми стилі, аударманың лексика – грамматикалық және редакциялау мәселелері аясында оқу-әдістемелік көмек көрсету;
Курста аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық үлгілері, сөздік қорды байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқылады. Сонымен қатар, аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасы, аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым мамандар озық тәжірибесімен бөліседі.
Курсты аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпейісова жүргізеді.
Курсқа орталық және жергілікті атқарушы органдарының аудармашылары қатысады.
Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталады.
Байланыс телефондары:
факс: 8 (7172) 408397
тел: 8 (7172) 273042
ұялы: 87016752660