Көрнекті ғалым, Тәуелсіздік дәуіріндегі қытайтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі, кәсіби маман, аудармашы, ақын, бұған дейін Л.Гумилев атындағы "Еуразия" университетінде ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен Дүкен Мәсімханұлы Шығыстану институтының директоры қызметіне тағайындалды.
Бұған дейін де университет жанындағы Қытайтану институтын қоғамдық негізде басқарған білікті маман алып көршімізбен арадағы саяси-әлеуметтік байланыстардың бағдарына қатысты маңызы бар бірнеше мәселелер көтерген еді.
Еліміздегі ең іргелі институттын бұған дейін аса ірі ғалым, фарабитанушы, кезінде бас мүфти болған Әбсаттар қажы Дербісәлі басқарған.
Белгілі ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжан Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына басшы болып тағайындалды.
Ақпаратты Тіл білімі институты растады. Анар Фазылжан бұған дейін Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары қызметін атқарған.
Тіл білімі институтының бұрынғы директоры филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден Қажыбек, институттағы бөлім меңгерушілігіне ауысқан.