Bairaq.kz ақпараттық сараптамалық порталы, Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының «Міндетті даналарды қабылдау және бақылау бөлімі» қызметіне сілтеме жасап, өз оқырмандарын шығып жатқан жаңа кітаптармен таныстыруды қолға алып отыр.
«Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері» туралы толымды еңбек.
«Раритет» баспасынан жарық көрген еңбектің авторы ежелгі дәуір әдебиетін зерттеуші ғалым, профессор Немат Келімбетов. Кітап – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің арнайы бағдарлмасы бойынша жарық көрген. Хрестоматиялық еңбекте сақтар мен ғұндар дәуірінен бастап, хvi ғасырға дейінгі кезеңдерде пайда болған әдеби шығармалар хроногиялық ретімен берілген. Ғалымның бұл еңбегі оқырмандарға түркі халықтары әдебиетінің тарихынан тұтастай мағұлымат алуына мүмкіндік береді. Кітап филология және түркология мамандықтары бойынша білім алушыларға және көпшілік оқырманға арналған. 5 дана таралыммен жарық көрген кітап еліміздің барлық аймақтарындағы мемлекеттік кітапханаларынан түседі. Белгілі жазушы Бексұлтан Нұржекеұлының «Қазақ тарихынан» атты кітабы.
Кітап – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің арнайы бағдарлмасы бойынша жарық көрген. Бұл жинаққа жазушының әр жылдарда қазақ халқының тихына қатысты жазған мақалалары мен зерттеу еңбектері енген. Ол шығармаларда қазақ халқының рулық, тайпалық кезеңдерінен тартып, бүгінгі тәуелсіздік алған күндерді де қамтиды. Автор шетелдік кейбір тарихшылардың айтып және жазып жүрген пікірлерін құптамай, сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, түрік, алтын орда мемлекеттерін түгелдей бүгінгі қазақ халқының арғы аталары, бабалары деген қорытындыға келеді. Құнды еңбек өз халқының тарихын білгісі келген жалпы оқырманға арналған. «Жалын» баспасынан» жарық көрген кітап 5 мың таралыммен тарап отыр. Оны еліміздің барлық аймақтарындағы мемлекеттік кітапханалардан алып оқуға болады.
Қасиетті құран сүрелерінің мағынасын түсіндіретін кітап.
«Священный Коран» тарскрипция и перевод смыслов.
«Дәуір» баспасынан жарық көрген бұл еңбекті «Райымбек» ислами қайырымдылық бірлестігінің тапсырысы бойынша С.Бекенова жетекшілігімен, бас редакторы Ибрагим Аль-Нумайри, редакторлар А.Нұрымбет, А.Ұтысхан, Н.Құндықбаева сынды авторлар тобы құрастырған. Кітапты - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму минстрлігінің ұсынысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптамалық кеңесі тексеріп, ондағы материалдардың ҚР Конституциясына қайшы келмейтінін анықтаған.
Аты айтып тұрғандай бұл еңбекте қасиетті Құран сүрелерінің арабша оқылуы және оның орыс тіліндегі мағыналық аудармасы жолма-жол берілген. 30 бөлім, 1216 беттен тұратын кітап орыс тілді оқырман үшін құнды еңбек екені даусыз. Себебі қазақ тілінде мұндай еңбек бұған дейін бірнеше рет жарық көрген. Ендеше ислам дініне бет бұрған ағайынның қасиетті Құран сүрелерін терең түсінуге тағы да бір мүмкіндік ашылып отыр.