Кітап орталығы "Кітап-AMANAT" жобасы аясында "AMANAT" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы ғимаратында ашылып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Орталықты ашудағы басты мақсат - отандық әдебиетті қолдай отырып, жалпы тұрғындардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, қазақстандық авторлар мен кітап шығарушыларға қолдау көрсету.
Орталықтың салтанатты ашылуына "КІТАП-AMANAT" жобасының жанашыры, ақын, мәдениет қайраткері, "Көк тудың желбірегені" өлеңінің авторы Алмас Ахметбекұлы, өңіріміздің қоғам қайраткерлері, жазушылары, зиялы қауымы өкілдері қатысты.
Сөз басында "AMANAT" партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова Мемлекет басшысы ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар шығару, кітапханалар ашу ісіне ерекше мән беретінін атап өтті.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркістанда өткен "Ұлттық құрылтайда" кітап өндірісіне, кітап насихатына назар аударуды, 24 сағат ашық тұратын кітапхана болуын атап өткен болатын. Осы орайда Президент тапсырмасын орындауға, бірден-бір қолдау көрсететін, алға қойған мақсаттарға жетуге кепілдік беретін ең үлкен саяси ұйым "AMANAT" партиясы "КІТАП-AMANAT" жобасын қолға алып, өңірлерден кітап орталықтарын ашуда. Бүгін осындай орталық біздің өңірімізде ашылып отыр, – деді Сайрангул Жумадилова
Орталық барлық азаматтар үшін қолжетімді, кез келген қала тұрынына кітап оқуға мүмкіндік бар. Алдағы уақытта аймақтағы зиялы қауым өкілдерімен осы орталықта кездесулер өткізу жоспарлануда.
Мұндай кітап орталығы бұрын соңды өңірлерде болған жоқ. Партияның руханиятқа көңіл бөліп, оқырмандарға барынша жағдай жасауы қуантарлық дүние. Орталықта қазіргі танымал авторлардың да, бұрынғы классик жазушылардың да еңбектері бар. Дәстүрлі кітапхана ол бөлек, ал мынандай заманауи орталық мүлде басқа, - дейді "КІТАП-AMANAT" жобасының жанашыры, ақын, мәдениет қайраткері Алмас Ахметбекұлы.
Айта кеткен жөн, ашылу салтанатында Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов, облыстық мәслихат депутаты Ғани Шаймарданов, Марат Мұзапаров пен С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген өңірдегі білім беру мекемелері мен жиналған студенттерге осы орталықтан кітап сатып алуға сертификаттар ұсынған.
"КІТАП-AMANAT" жобасы ол - "Ауыл Аманаты", "Жер Аманаты" сияқты партия қолға алған аса маңызды ұлттық жоба. "Ауыл Аманаты" мен "Жер Аманаты" экономикалық салаға бағытталса, "КІТАП- AMANAT" халықтың рухани қуатын жетілдіруді көздейді.
| Пайдалану шарттары: Барлық құқықтары қорғалған. Ресми тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары сайттағы материалдардағы мәтіннің негізгі мағынасын сақтай отырып тек үштен бір бөлігін ғана көшіріп, қайта басып, ретрансляциялауға рұқсат және ақпарат көзі - ustinka.kz парақшасына гиперсілтеме болуы міндетті. ustinka.kz материалына гиперсілтеме қолданылған материалдың бірінші немесе екінші сөйлемінде көрсетілуі керек. Материалды Instagram, Facebook, Одноклассники немесе ВКонтакте интернет-қоғамдастықтарында қолдануға ақылы немесе ортақ пайдалану бойынша келісімшарт негізіндегі редакцияның жазбаша келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Авторлық және сабақтастық құқықтарды бұзу бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес заңгерлік жауапкершілік қарастырылған.