"Еуразия" халықаралық кинофестивалінің президенті Айман Мұсақожаева Голливуд жұлдызы Анжелина Джоли Астанаға келу үшін миллион доллар сұрағанын айтты. "Мәселен, Анжелина Джоли біздің елге келу үшін миллион доллар сұрады. Әрине, оның келгені жақсы болар еді, бірақ бізде ондай ақша жоқ" деді А.Мұсақожаева.
Кинофестиваль 1-7 шілдеде Астана қаласында өтеді. Бұл шараға сербтің атақты режиссері әрі әншісі Эмир Кустурица, француз актері Венсан Кассель және Джеймс Бонддың қызының рөлін ойнаған Лей Сейду келмекші.