Mazir
14 окт 21:21korilim:483 Madeniet

Денсаулық саласындағы өзге ұлт өкілдері арасындағы байқау

Бүгін Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған медицина саласындағы өзге ұлт өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Байқауды академик Евней Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Басқарма мүшесі, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Мейіржан Сыздықов  құттықтау сөзбен ашты. 


«Әлемдегі жаһандану процесі әр халықтың алдына өздерінің ұлттық рухани-мәдени құндылықтарын жандандыру міндетін қойып отыр. Осы ретте біздер үшін қазақ тілінің әлеуметтік мәртебесін жоғарылату, мемлекеттік тілді рухани-мәдени құндылық ретінде дәріптеу аса маңызды. Биылғы байқау медицина саласында жүрген өзге ұлт өкілдерінің арасында өтіп отыр. Оның өзіндік ерекшелігі бар. Біріншіден, денсаулық саласы – халық жиі баратын сала. Нельсон Мандела айтқандай, «Егер адамдармен ұғыныса алатын тілде сөйлессеңіз, сөзіңіз оның ақыл-ойына ғана арналған болып шығады. Ал оның ана тілінде қарым-қатынас ұстасаңыз, бірден жүрегіне жол таптым дей беріңіз». Екіншіден, қазақ тілін тұрмыстық деңгейде меңгеру өз алдына; оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен әдебиетін, өнерін танысаңыз, Сіз елдің көз алдында жандүниесі бай адамға айналып, зиялы қауым өкілі қатарынан табыласыз, қарапайым еңбек адамдарының құрметіне бөленесіз», – деді ол.


Заманауи дүниеде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған байқауға еліміздің өңірлері мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы іріктеу кезеңдерінен шыққан 12 үміткер қатысты.

Қазылар алқасының құрамына белгілі ғалымдар, тіл саласының білікті мамандары мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері енді.

Республикалық байқау төрт кезеңнен тұрды. Алғашқысында қатысушылар өз өнерлерін көрсетсе, екінші бөлігінде қазақтың мақал-мәтелдері бойынша білім сынасты. Бұдан кейін экрандағы ұяшықтарда көрсетілген тақырып төңірегінде ой өрбітті. Ең соңында бір минут ішінде жиырма сұраққа жедел жауап беріп сайысты.


Қазылар алқасының қызу талқылауынан кейін бәйгенің бас жүлдесін астаналық Розалина Махмудова қанжығасына байлап, 300 мың теңгеге ие болды. Бірінші орынға шымкенттік Сардорбек Рустамжанов лайықты деп танылды. Оған 200 мың теңгенің сертификаты табысталды. Екінші орынды Түркістан облысынан Фатима Мамедова жеңіп алды. Ол 150 мың теңгеге ие болды. Үшінші орынды солтүстікқазақстандық Сайдали Юсупов пен  Алматы облысынан келген Руфат Сайдалимов бөлісті. Олардың әрқайсысына 100 мың теңгеден беріледі.


Төрт үміткерге 15 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы берілсе, қатысушылар диплом және алғысхатпен марапатталды. 

Сайыс өте тартымды да тартысты өтті. Ең қуанарлығы, қазақша сөйлейтін этнос өкілдерінің қатары көбейіп келеді. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір соққан отандастардың мемлекеттік тілге деген құрметі көпшілікті тағы бір еріксіз тәнті етті.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15