Mazir
12 авг 15:50korilim:1 376 Madeniet

Ғылыми кітапханаға көмек керек

Алматыдағы Ғылым академиясының ғимаратындағы архив және сирек кітаптар мен көне қолжазбалар қоры жойылудың алдында тұр. Зиялылар қауымының бұл мәселені көтеріп жүргеніне бірнеше жыл болған. Бірақ оны естір құлақ жоқ секілді. Дәл осылай жалғаса берсе, ұлтымыздың тарихи мұрасы көз алдымызда құрдымға кетуі әбден мүмкін.
Осыдан 90 жыл бұрын Орталық ғылыми кітапхана Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың бастамасымен құрылған. Ол 1959 жылы «Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет» бөлімін ашып, тарихқа, әдебиетке қатысты құнды қолжазбалар мен көне кітаптарды жинау үшін арнайы экспедиция ұйымдастырады. Осылайша Ә.Марғұлан бастаған бір топ ғалым ел ішінен ұлтымыздың тарихи-мәдени мұраларын түгендеп, Орталық ғылыми кітапхананың қорына қосты. Соның арқасында осы уақытқа дейін қаншама ғалым шетелдің архивтерін кезіп әуре болмай, өзіміздің еліміздегі құнды деректерге сүйеніп келді. Алайда қазір ғылыми кітапхананың жағдайы мәз емес. Сирек кездесетін қолжазбалардың біразы қолды болып та кеткен. Ал қордағы мұраларды болашақ ұрпаққа қыл түсірмей сақтап қалу қиын болып тұр.
– Кезінде Ғылым академиясы тарамай тұрып бұл кітапхананың Орталық ғылыми кітапхана деген жеке мәртебесі болған. Кейін Ғылым академиясы тарап, қоғамдық ұйымға айналғанда кітапхананың да мәртебесі алынып тасталды. «Ғылым ордасы» атты кәсіпорын құрылып, кітапхана соған қарады. Мұнда қызмет ететін қызметкерлердің де кітапханашы мәртебесі жоқ. Бұл мәселені шешу үшін ғылыми кітапханаға бұрынғы статусын қайтаруымыз керек, – дейді кітапхананың тұрақты оқырманы, журналист Дина Иманбай.
Оның айтуынша, Сирек кітаптар мен көне қолжазбалар бөлімінің ережесі бойынша оқырманға құнды басылымдардың электронды нұсқасы берілуі керек. Әр басылымға арнайы мөр басылуы тиіс. Бірақ бүкіл қордың цифрлы нұсқасы болмауына байланысты қызметкерлер көне кітаптарды да оқырмандарға беруге мәжбүр. Сондай-ақ оқу залында компьютерлер жетіспейді, мұнда тұрған 3 компьютер ескірген. Көне кітаптарды қолға беру олардың сақталуы үшін өте қауіпті.
Ал академик Хангелді Әбжановтың пікірінше, кітапхананың бүгінгі жай-күйі сын көтермейді. Ол барлық мәртебесінен айырылып, кітап сақтайтын қоймаға айналған. Кітапханада жұмыс істейтін мамандардың айлығы да мардымсыз.
– Сирек кітаптар мен қолжазбаларды сақтау, баптау және қалпына келтіру жұмыстары көңіл көншітпейді. Өйткені реставрациялау жұмыстары заманауи жабдықтармен және озық технологиялармен емес, осыдан 50-60 жыл бұрынғы әдіспен жүргізіледі. Мәтіндер өшуге жақын. Енді 5-10 жылдан кейін олардан да айырыламыз. Халықтың руханиятын әркімнің талан-таражысына салмауымыз керек. Қысқасы, жұмыс көп, уақыт аз. Ең бірінші, кітапхана туралы арнайы заң қабылдау керек. Екіншіден, ғылым туралы заңға ғылыми кітапхананы да қосуымыз қажет. Отыз жыл бүлдірген дүниені 30 күнде қалпына келтіре алмаймыз. Бұған кемі 10 жыл керек, – дейді Хангелді Әбжанов.
Алайда ғылыми кітапхананың бұрынғы Реставрация бөлімі жабылып қалған, қазір бұл секторда 1 адам ғана істейді. Жалпы елімізде көне қолжазбалар мен кітаптарды жөндейтін реставраторлар даярлайтын оқу орны жоқ, сондықтан маман жетіспейді. Осы мәселені тарихшы Алмас Жүнісбай министрдің кеңесшісімен кездеcкенде де айтыпты. Бірақ нәтиже шықпаған.
– Ғылым академиясының архивінде ізденіп жүрген Харвардтың докторантымен таныстым. Екеуміз отырып, Орта Азия тарихы туралы ұзақ сөйлестік. Кезінде Қазақ елінде басты ғылыми орталық болған Ғылым академиясының тарихи-құжаттық мұрасын сақтап отырған қазіргі Ғылым ордасының ғылыми архивінде зерттеушілерге жағдай жасалмағандығы туралы пікір айтты. «Мені қойшы, зерттеймін, кетем, ал ана құжаттарға обал» дейді. Осы мәселені мен қанша айтсам да, қанша көтерсем де әлі еш нәтиже жоқ, – дейді Алмас Жүнісбай.
Тарихшының айтуынша, қазаққа тарих та, жазба мұра да, архив те керек емес сияқты. Өз қазынасын сақтай алмай, ертең айырылып қалған соң, қайыршы болып Қытай, Ресей, Өзбекстанға алақан жайып, сандалып жүруіміз мүмкін.
Осы мәселені айтып Ғылым және жоғары білім министрлігінен сұрағанымызда олар министрдің жақында арнайы жиналыс өткізіп, мамандарды шақырып, ақылдасатынын айтты.
 – Бұл мәселеден мен хабардармын. Ғылыми кітапхана мен архивтің отандық ғалымдар үшін қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Бұл түйкілді біз мұқият зерттеп, сарапшы ғалымдармен ақылдасамыз. Бір шешім табылатынына сенімдімін, – дейді министр Саясат Нұрбек.
Алайда жоғарыдағылардың істі созып келе жатқанына бірнеше жыл болған. Сондықтан зиялылар қауымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, Орталық ғылыми кітапханаға бұрынғыдай жеке мекеме мәртебесін беруді және кітапханаға тек тарихшы-ғалым директор болса деп көмек сұрап отыр.
Дереккөз: aikyn.kz
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды19:23Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам - Президент Жолдауының толық мәтіні14:35Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қандай13:36Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды12:22Жалтаң қарға09:01Қазақстан нақты жалақы бойынша әлемде 77-ші орында тұр13:20Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды11:30Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқ ұсталды14:37Келер жыл басынан АЕК пен ең төменгі зейнетақы өседі10:45«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр15:34Мемлекет басшысы Бакуде Ильхам Әлиевпен кездесті15:01Үкіметте құрылыс саласын реформалау бойынша ұсыныстар қаралды10:16Алматы Спорт басқармасының лауазымды тұлғалары 360 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған19:39Экология министрі киіктер туралы: Келесі жылы ақылы аңшылық басталуы мүмкін14:09Алматыда Ұлттық ұланның 21 жастағы әскери қызметшісі қаза болды10:55Парасат майданының суреткері10:41Ақтауда итбалық адамға тағы шабуылдады10:14Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы 8 млрд теңгесін басқарушы компанияларға берген11:25Тағы да Мемлекеттік сыйлық туралы. Рушылдықпен әдебиет жасауға болмайды (Маржан Ершуға хат)13:08Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектепті прокуратура тексереді14:39Кеңсе тауарларының бағасы қымбаттап кетті12:15Қос азаматтығы бар Павлодар тұрғыны елден шығарылды11:00Президент Ұлытау облысын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын мақұлдады15:45Дәурен Абаев әдебиет саласындағы жаңа жобалар туралы айтты12:25Нұр-Сұлтанда жастарды нашақорлыққа тартатын дәріханалар көбейген10:39Министр баласына мектеп формасын қанша теңгеге алды?16:444 өңірде мектептер жаңа оқу жылына кешіктіріп берілуі мүмкін14:37Қазақстан қылмыс өршіп тұрған 50 елдің қатарына кірді11:44Арменияда сауда орталығындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 15-ке жетті11:01Алматыда қалалық сот ғимараты қоршауға алынып, судьялар эвакуацияланды14:47