Mazir
02 дек 11:20korilim:311 Madeniet

«Туризмді қазақша сөйлетейік» республикалық байқауының марапаттау рәсімі өтті


2021 жылғы 30 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мемлекеттік тапсырмат аясында «Туризмді қазақша сөйлетейік» республикалық байқауының марапаттау рәсімін өткізді.

Туризм саласы бойынша заманауи терминдерді таңдау, терминжасам әдіс-тәсілдері мен қағидаттарын сақтай отырып терминдердің сапасын арттыруға ұмтылу басты талап ретінде алынған бұл байқауға туризм саласының мамандары, терминтанушы мамандар, жоғары оқу орнының студенттері, ізденушілер мен тіл жанашырлары қатысты.  

«Терминдер сөйлейді», «Туған өлкем – қандай көркем!», «Терминтүзер» тақырыбындағы үш кезеңнен тұратын байқаудың өз мәресіне жету рәсіміне байқаудың қазылар алқасы, байқау жеңімпаздары мен қатысушылары, тіл жанашырлары, Тіл саясаты комитетінің, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері қатысты. 

Байқау қорытындысы бойынша І орынды «Мемқалақұрылыскадастры» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының  Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі жетекші маманы Ошаева Камшат Шоқанқызы жеңіп алды. ІІ орын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Astana Invest» Туристік инфрақұрылымды дамыту департаментінің менеджері Қамысбаев Базарбек Темірұлына бұйырды. Ал Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл тарихы бөлімінің аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Көбденова Гүлжиһан Байғазықызы, Әлеуметтік лингвистика бөлімінің ғылыми қызметкері Дүйсенов Қуатбек Қонысбайұлы, "ТС ғылыми-техникалық компаниясы" ЖШС редакторы Омарова Аягүл Даниярқызы  ІІІ орынды еншіледі.

Байқау барысында ой ұшқырлығы мен ізденімпаздығын танытқан Павлодар педагогикалық университетінің маманы Асылбеков Ерболат Калымжанұлына, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 2-курс магистранты Ержігітова Гүлден Кайратқызына және осы университеттің 4-курс студенті Қыстаубаева Аяжан Мұратқызына, Нархоз университетінің «Туризм» мамандығының 3-курс студенті  Ордабаева Айгерім Мұратқызына  ынталандыру сыйлығы табыс етілді.  

Байқау қорытындысы бойынша анықталған үздік терминдер ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясының қарауына ұсынылатын болады.  
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15