Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 26 ақпан күні «Мемлекеттік тіл: үйренушінің көзқарасы» онлайн форматында ойталқы алаңын ұйымдастырады.
Шараның мақсаты – Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласында айтқан: «Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады», «...тек тілді меңгеруге ниет керек» деген пікірін мемлекеттік тілді үйренушілердің өз ортасында талқыға салып, олардың жеткен жетістіктері бойынша тәжірибе алмасу, ал тілді меңгеруге кедергі келтіріп тұрған қандай да бір тосқауылдар болса, оның да жай-жапсарын ойталқы барысында ашып, мемлекеттік тілді оқыту стратегиясында есепке алу.
Онлайн ойталқы алаңына Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Павлодар, ШҚО, Қостанай, Қызылорда, Алматы облыстарындағы Тілдерді оқыту орталықтарында мемлекеттік тілді қарапайым деңгейден бастап базалық, орта, ортадан жоғары деңгейлерге дейін меңгерген қоғамның әртүрлі саласының қызметкерлері, яғни орталық тіл үйренушілері қатысады.