Mazir
19 ноя 23:28korilim:829 Madeniet

«Бекітілген терминдерге мониторинг жасау әдістемесі»


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 19 қарашада ұйымдастырған онлайн режимдегі республикалық әдістемелік семинардың тақырыбы осылай деп аталады. 
Бұл басқосудың маңызы туралы Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба өзінің кіріспе сөзінде былай деп атап көрсетті: «Терминологияның өзекті мәселелері бойынша биылғы өткізілген   әдістемелік семинарлардағы басты мәселенің бірі – терминдерді біріздендіру мәселесі. Қазақ тілін ғылым мен қазіргі озық технологияның тіліне айналдыру үшін ұлттық терминқорды қалыптастырудың, оны біріздендіру және жетілдірудің аса маңыздылығы мен қажеттілігі жөнінде жиі ой қозғаймыз. Бекітілген терминдердің сапасы көңілден шыға бермейтіні, яғни мемлекеттік тілдің әлеуетін арттыруға толық қауқарлы еместігі де жасырын емес. Сондықтан соңғы бас қосуымыздың бірінде 1971 жылдан бері бекітілген терминдерге мониторинг жасау қажеттігі айтылып, ол туралы қарар қабылдаған болатын. Бүгінгі семинарда мониторинг жасаудың алғашқы қадамы ретінде мониторинг жасаудың әдістемесі ұсынылып отыр. Әдістемелік құралда мониторинг жасаудың талаптары, терминдерді сала бойынша іріктеудің амал-тәсілдері, мониторинг жүргізудің алгоритмі және тағы басқа мәселелер көтеріледі. Өзекті мәселені шешудің тиімді жолдары көрсетіліп, алдағы уақытта мониторингтің сапалы жасалуына зор ықпалын тигізеді деген ойдамын».  
1971-2019 жылдар аралығында бекітілген 27 мың терминге мониторинг жасау әдістемесін айқындау арқылы терминдерді біріздендірудің  шешу жолдарын ұсыну уақыт талабынан туындап отыр. Осы бағытта өрбіген шараға «ТС ғылыми-техникалық компаниясы» ЖШС директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жөнкешов Бауыржан Сейсенбекұлы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы Әкімшілік департаменті директорының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, ҰҒА-ның академигі Шерубай Құрманбайұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының редакция-баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары, филология ғылымдарының докторы Әбдірәсілов Ербол Құралбайұлы, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы Жұбаева Орынай Сағынғалиқызы қатысты.
Әдістемелік құралда бекітілген терминдерді мониторингілеудің талаптары, амал-тәсілдері, терминдерге қатысты оның тілдік және функционалдық аспектілері, қолдану ерекшеліктері қарастырылған. 
Сонымен қатар, әдістемелік құралда қазақ тілінің терминологиялық әлеуеті мен халықаралық терминдердің қолданылу қағидаттары барынша толық көрсетілген, осының нәтижесінде тілдік материалдың үлкен бөлігіне мониторинг жасау қолға алынатын болады. 
Әдістемелік құрал терминшілерге, терминологиялық жұмыстарды жүргізуге құзыретті мемлекеттік органдар мен мекемелер қызметкерлеріне, терминдерді аудару ісімен айналысып жүрген филологтар мен сала мамандарына арналған.  
 
Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ, 25
«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КЕАҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі 
                                                     Тел: +7(7172) 27-71-33, tilalemi.kz@gmail.com 
Басып шығару
buy lasuna generic - buy cheap diarex himcolin drug

celecoxib 100mg price - order celebrex 100mg online cheap indocin generic

buy rumalaya medication - buy generic rumalaya endep ca

buy voltaren 50mg generic - order aspirin without prescription buy aspirin 75 mg generic

cheap diclofenac generic - purchase nimotop without prescription buy nimodipine for sale

pyridostigmine 60 mg pills - order sumatriptan 25mg buy azathioprine pills for sale

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15