Mazir
17 ноя 11:12korilim:845 Madeniet

Әдістемелік семинар өтеді


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылғы 19 қарашада «Бекітілген терминдерге мониторинг жасау әдістемесі» тақырыбында республикалық әдістемелік онлайн семинар өтеді. 
Онлайн-семинардың мақсаты – 1971-2019 жылдар аралығында бекітілген терминдерге мониторинг жасау әдістемесін айқындау арқылы терминдерді біріздендірудің  шешу жолдарын ұсыну. 
Әдістемелік құралда бекітілген терминдерді мониторингілеудің талаптары, амал-тәсілдері, терминдерге қатысты оның тілдік және функционалдық аспектілері, қолдану ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар, әдістемелік құралда қазақ тілінің терминологиялық әлеуеті мен халықаралық терминдердің қолданылу қағидаттары барынша толық көрсетіледі, нәтижесінде тілдік материалдың үлкен бөлігіне мониторинг жасау қолға алынады. 
Әдістемелік құрал терминшілерге, терминологиялық жұмыстарды жүргізуге құзыретті мемлекеттік органдар мен мекемелер қызметкерлеріне, терминдерді аудару ісімен айналысып жүрген филологтар мен сала мамандарына арналады.  
Іс-шара сараптама, пікірталас, сұрақ-жауап түрінде ұйымдастырылады. 
Шараға "ТС ғылыми-техникалық компаниясы" ЖШС директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жөнкешов Бауыржан Сейсенбекұлы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы Әкімшілік департаменті директорының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, ҰҒА-ның академигі Шерубай Құрманбайұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының редакция-баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары, филология ғылымдарының докторы Әбдірәсілов Ербол Құралбайұлы, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы Жұбаева Орынай Сағынғалиқызы қатысады.
Семинар барысын сала мамандары, филологтар мен жоғары оқу орнының студенттері, жалпы жұртшылық ZOOM платформасы арқылы көре алады. Бұдан басқа баяндамашыға сұрақ қойып, тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, талқылауға мүмкіндігі бар.
Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталады.

Байланыс телефондары: факс: 8 (7172) 408397
тел: 8 (7172) 273042
ұялы: 87016752660
е-mail: info@tilqazyna.kz
Өтетін мерзімі: 2020 жылғы 19 қараша
Басталу уақыты: 10:00
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран 7/а, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ конференц-залы.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15