Mazir
28 сен 16:14korilim:1 075 Madeniet

«Лингвистика және әдебиеттану саласы терминдерін дамыту» идеялар фабрикасы ойталқысы


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 29 қыркүйек күні «Лингвистика және әдебиеттану саласы терминдерін дамыту» идеялар фабрикасы ойталқысын (брейнсторминг) онлайн режімде ұйымдастырады. 
(Брейнсторминг (ағылш. brain storming – миға шабуыл), адамдардың ақыл-ой белсенділігін арттыруға, идеяларды топ болып іздеуді іске қосу, ынталандыру, мәселелерді шешу арқылы күрделі интеллектуалды міндеттерді шешуге бағытталған бірлескен топтық шығармашылық жұмысты ұйымдастырудың арнайы әдісі. Брейнсторминг барысында белгілі бір мәселелені ұжым болып шешу ұсынылады).
Ой-талқыға қатысушыларды Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Әлібек Асқар құттықтап, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ләйлә Мұсалы мәселенің маңызы туралы сөз сөйлейді.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Әкімшілік департаменті директорының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, ҰҒА-ның академигі Шерубай Құрманбайұлы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Тұрдығұл Шаңбай, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жантас Жақыповтар сарапшылық жасайды. 
Шараның басты мақсаты – лингвистика және әдебиеттану саласы терминдерін қалыптастыру, латын әліпбиіне негізделген жаңа емлесінде жүйелендіру мәселесін талқылау, терминология саласындағы өзекті мәселелерге сала мамандары мен жұртшылықтың назарын аударту,  және тығыз қарым-қатынас орнатуды қамтамасыз ету. 
Іс-шараға ZООМ арқылы қатысушы ғалымдар, ЖОО профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар, студенттер, ғылыми қызметкерлер, сарапшылар, сала мамандары және тағы басқа да тілек білдірушілер талқыға ұсынылған терминдер мен балама аудармалар туралы пікір білдіріп, қолданысқа түсіру туралы түрлі идеялары мен ұсыныстарын ортаға тастайды. Сонымен қатар терминология саласын жетілдіру туралы тың идеяларымен бөліседі деп күтілуде. 
Өтетін уақыты: 2020 жылғы 29 қыркүйек.
Басталуы: сағат 16-00.
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғимараты, Сауран 7а.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15