Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.
Қазақстандағы азық-түлік базарлары төтенше жағдайда жұмыс істей береді.
ҚР Сауда және интеграция министрлігі республикада енгізілген төтенше жағдайлар байланысты азық-түлік базарлары жұмысын жалғастыратындығын хабарлайды. Тек ірі сауда нысандары мен көп адам жиналатын ойын-сауық орталықтарының қызметі тоқтатылады. Шағын дүкендер, азық-түлік, сондай-ақ сауда орталығынан тыс орналасқан шағын және орта бизнес нысандары иелерінің қалауы бойынша жұмыс істейтін болады, делінген MTI хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикада төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды.