Қазақстанда коронавирус инфекциясы бар тағы екі науқас анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип мәлімдеді.
Оның бірі 1958 жылы туған ер адам, Алматы тұрғыны. Жеке кәсіпкер. Ол 10 наурыз күні Мәскеуден рейспен Алматыға ұшып келген.
Сондай-ақ, Нұр Султандағы әйелден де коронавирус анықталған. Ол Варшавадан (Польша) ұшып келгені анықталды.
Жалпы, Қазақстанда коронавирус инфекциясы бар 6 науқас тіркелді. 1090 адам тұрақты карантинде, 452 адам үй карантинінде.