Егер короновирусқа байланысты қиын жағдайға тап болған елдер қажетті шараларды қабылдайтын болса, пандемия маусым айында аяқталады, деп мәлімдеді Қытайдың денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік комитетінің арнайы сараптамалық комиссиясының жетекшісі Чжун Наньшань.
«Мен Италияда және Оңтүстік Кореяда қажетті шаралардың қабылданғанына өте қуаныштымын, оларда науқастар саны азайып жатыр. Егер солай болса, мен індет маусым айында аяқталады деп күтемін », - деді ол.
Наньшанның айтуынша, әдетте, жазда ауа температурасы жоғары болған кезде вирустың белсенділігі азаяды, сондықтан індет тоқтауы мүмкін.