Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында бірқатар ескертулер жасады. Оның ішінде жұма намазына қатысты да сөз айтылады.
Коронавирустың таралуының алдын алу үшін ҚМДБ бірқатар сақтық шараларын қолданады. Оның ішінде қалыпты жағдайда көп халық жиналатын жұма намазына қатысты тыйымдар мен ескертпелер бар.
- 20-наурыздан бастап, жұма намазының алдында оқылатын 30 минуттық уағыз тоқтатылады;
- намаздан кейін Құран оқылмайды, имам тек қысқа дұғалармен қайырады;
- намаздан кейін жамағат қол алыспайды;
- мешітке маска киіп келу керек;
- намаздан кейін мешітте ұзақ отымау керек;
- мешітке кәмелет жасына толмаған балаларды әкелмеген жөн;
- қарт кісілерге, науқастарға және әйелдерге мешітке келмеуге кеңес берілді;
- ауа-райы жақсы болса, жұма намазды мешіт ауласында өтеуге рұқсат.
Діни басқарма барша мұсылман қауымын аталған сақтық шараларын сақтауға, түсіністікпен қарауға шақырады. Бұл шарт 13-наурыздан бастап күшіне енеді.