Жаһандық індет түріне айналып, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы «пандемия» деп жариялаған коронавирус Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдоның әйеліне де жұғыпты.
Софи Трюдо Ұлыбританиядан оралған бетте өзін жайсыз сезініп, ауру белгісін байқаған.
Сенімді дереккөздердің мәліметінше, Софи Трюдо карантинге жатқызылыған. Оның қазіргі ахуалы жақсы.
Ал премьер-министрдің өзі сау бола тұра жұмысты үйден істеуді ұйғарыпты. Лд жиналыстар мен келіссөздерді телефон арқылы жүргізуде.