Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов зейнетақы мен жәрдемақы индекстеленетінін және инфляция дәлізін қайта қарайтынын айтты.
Сонымен қатар, оның айтуынша, үкімет республикалық бюджеттің шығындарын оңтайландыруда.
«Оңтайландыру бағыттары анықталды. Біріншіден, қымбат жиһаздар мен көлік сатып алу, семинарлар, форумдар және басқа имидж құру іс-шаралары. Осы шығындар бойынша жұмыс жүргізілді. Екіншіден, кейінге қалдырылуы мүмкін жобалар мен іс-шаралар», - деді ол.
Экономикадағы индекстеу - бұл келісім-шарт, несие, жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, жарнаның мөлшерін тұтыну бағасы индексіне байланыстыру арқылы инфляциядан қорғау құралы.