Егер, Қытайдан компоненттерді жеткізу жағдайы жақсармаса, алматылықтар қоғамдық көліктерсіз қалуы мүмкін. Қазір жеткізу кешіктіріліп жатыр, өйткені аспан асты патшалығында көптеген кәсіпорындар жұмыс істемейді.
Автопарк бірден 10 қалалық бағыттағы автобустар санын азайтпақ.. Қазір бөлшектердің жоқтығынан кейбір автобустар уақытша тоқтап тұр. Әкімдік алдын-ала дүрбелең жасамауын сұрайды. Қоймаларда Алматы автобустарын жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектер бар. Сондай-ақ, шенеуніктер қажетті бөлшектеді сатып алудың қосымша тізімін жасақтады.
«Менің ойымша, бөлшектерді тасымалдаушылар коронавирусқа қатысты алаңдап отыр. Біз барлық тасымалдаушылармен кеше түстен кейін кездестік және бір жарым-екі айға арналған қосалқы бөлшектер бар. Қытайдан әкелінетін бөлшектер мен керек-жарақтар бар контейнер жөнелтілуге дайын. Ал 16 наурыздан кейін жүк Алматыда болады », - деді Алматы Көлікті дамыту басқармасының басшысы Әсет Төлеушов.