Ол барлық белгілерді тізіп шықты.
Уханда жұмыс істеген Ұлыбритания азаматы Коннор Рид коронавирус жұқтырған алғашқы британдық болды.
Бірінші күні Ридте суық тию белгілері болды: түшкіру, бас айналуы. Алайда, ол жұмысын жалғастыра берген.
Екінші күні тамағы ауыра бастаған.
Жетінші күні британдықтың бүкіл денесі ауырып, басы ауырып, жарыққа қарай алмай, күрт жөтел пайда болғн.
Сегізінші күні Рейд демалыс алды. Ол өзінің сүйектерінің ауырғанын сезген. Төсектен әрең тұрып, көп жөтелмеуге тырысқан, өйткені бұл тамақ ауруын тудырды.
Тоғызыншы күні науқас тәбетінен айырылды.
Оныншы күні температура пайда болды.
12-ші күні Ридтің ыстығы көтеріліп, оған тыныс алу қиынға соқты. Ол жедел жәрдем шақырғысы келмеді. Алайда такси шақырып, ауруханаға барады. Дәрігерлер оған суық тию диагнозын қойып береді. Рид үйіне қайтады.
17-ші күні ол өзін жақсы сезінді.
19-шы күні ол иіс сезе бастады және тәбеті пайда болды.
Британдық тек 24-ші күні толықтай емделді. Дәл осы күні Уханьда карантин енгізілді.
Ридтің айтуынша, жалпы алғанда ауру « өте жағымсыз тұмау» түрінде жүреді.