Мұхтар Әблязовтың сыбайласы Рустам Ибрагимовке БТА Банктен 250 миллион доллар жымқырды деген айыппен іздеу жарияланған еді.
«БТА Банк» АҚ-ның бұрынғы директоры Руслан Ибрагимовты Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялады. Ол қазір Алматыдағы тергеу изоляторында.
«Ибрагимовке Бта Банктен 250 миллион доллар қаражат жымқырды деген айыппен іздеу жарияланған еді. Сондай-ақ, ол бұл қылмысты Мұхтар Әблязовтың ұйымдасқан қылмыстық тобымен бірге жүзеге асырған», - деді Бас прокуратурадағы жауаптылар.
Ибрагимов Қырғызстан азаматы ретінде жалған құжат арқылы БАӘ-де бой тасалаған.
Еске сала кетейік, жақында Нью-Йорк соты Мұхтар Әблязовты айыпты деп танып, оны 140 115 доллар төлеуге міндеттеді.