Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қазақстандық кәсіпорындардың басшыларына дезинфекция режимін күшейту туралы өтінішпен жүгінді, деп хабарлайды тілші.
«Мен кәсіпорындардың басшыларына жүгінемін - дезинфекция режимін күшейту керек. Мүмкіндігінше, сұйық сабынмен қол жууға жағдай жасалуы керек. Оларды барлық қоғамдық ұйымдарға орнатыңыздар», - деді Бекшин брифингте.
Бекшин санитарлық режимді, әсіресе халық көп жиналатын жерлерде, соның ішінде супермаркеттерде сақтауды сұрады.
«Медициналық мекемелерде дезинфекциялаушы құралдармен есік тұтқаларын әр сағат сайын жуу керек», - деді ол.