Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаева Сортөбе ауылындағы мәдениет үйінде дүнген диаспорасының өкілдерімен кездесу өткізді.
Президент кездесу барысында өткен келеңсіз жағдайлардың барлығы артта қалып, алдағы уақытта тату-тәтті өмір сүру қажет екенін жеткізді. Сонымен қатар, ол дүнген диаспорасына бірқатар сын айтты.
Президент дүнген диаспорасының өкілдерін жастардың тәрбиесіне баса мән беріп, оларды әрбір халықтың мәдениетіне, қазақ тілі мен Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауға шақырды.
"Сіздердің балаларыңыз қазақ тілін үйренуі керек. Сондай-ақ орыс тілі мен өзінің ана тілін де білуі қажет. Мемлекет сіздердің мәдениеттеріңіз бен дәстүрлеріңізді сақтап, дамытуға жан-жақты қолдау көрсетеді. Дегенмен сіздер, әсіресе, ауылда тұратын азаматтар мемлекеттік тілді білгендеріңіз аса маңызды", - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент жастардың Қордай ауданындағы бірнеше ауылда ғана емес, Қазақстанның барлық өңірінде жұмыс істеуіне мол мүмкіндік бар екенін жеткізді.