Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде тарап жатқан коронавирустың жаңа түріне қатысты пікір білдірді.
«Індеттің әлемдік масштабы ұлғайып келеді. Үкіметке ел азаматтарын қорғау үшін қажет шараларды қолдану, індеттің тарауының алдын алу міндеті тапсырылды», - деді ол.
Айта кетейік, бірер күн бұрын президент қабылдауында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов болды. Ол мемлекет басшысына індетке қарсы қандай шаралар қолданып жатқанын баяндаған.
Біршама уақыт бұрын министр елге коронавирустың келуі мүмкін екенін айтса да, кейін үрейге бой алдырмауға шақырды.
Қазақстан әзірге коронавирус тіркелмеген 120 мемлекеттің қатарында.