Бұл көліктердің бағасы автосалондарда 3 миллион теңге көлемінде болмақ. Отандық өнімнің сапасы да сын көтереді деген қуанышты ақпар бар. Бұл туралы Қазақстанды автокәсіп ассоциациасының президенті Андрей Лаврентьев айтты.
Оның айтуынша, жоба бойынша жыл сайын қазақстандық автокөліктің 100 мың данасы жолға шықпақ.
«Кешенді жұмыс жоспары арқылы біз 100 мың дана көлік шығаруға қауқарлымыз. Біз үкімет басшыларымен келіссөздер жүргізіп, отандық көліктің бағасын 3 миллион теңгеден асырмауға уағдаластық. Автокөлікті несиеге беру сияқты қосымша жұмыстар уақыт өте атқарыла бермек. Біз 3 миллион теңгеден асырмай көлік шығаруға болатын модель таптық», - деді ол.