Қылмыстық апелляциялық кеңес «Тальго» пойызының экс-жолсеріктеріне қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Facebook-те Дина Смаилова хабарлады. Сотталғандардың үкімі заңды күшіне енді.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 25 желтоқсанда Қостанай қаласының №2 сотында пойыздың жолаушысын зорлаған екі азаматқа қатысты сот үкімі шыққан болатын. Жетес Үмбетәлиев пен Қолқаният Құрманиязов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі жарияланғаннан кейін сотталушылардың туыстары сот залында жанжал шығарып, олар соттың шешімі әділетсіз және артылған кінәнің дәлелдері жоқ деп айқайлады.
Ақтөбе облысының 35 жастағы тұрғынын 2018 жылдың қыркүйегінде «Тұлпар-Тальго» пойызының екі жолсерігі зорлады. Жетес Үмбетәлиев пен Қолқанат Құрманиязов кінәлі деп танылып, 2019 жылдың шілдесінде олар 2 жыл 6 айға сотталды. Алайда көп ұзамай бұл үкім жойылып, жаңасы шыққан болатын.