Қазақ азаматтары 63 жасында зейнетке шығады. Әйелдердің зейнет жасы біртіндеп өсіп келеді, тіпті, 2027 жылға қарай 63 жасында зейнетке шығады. Алайда, танымал отандық заңгер Камиша Есмұхамбетқызы мұнымен келіспейді, ол әйелдерді 55 жасынан бастап лайықты демалысқа жіберу керек деп санайды.
Камиша Есмұхамбетқызы әйелдерді 55 жастан, ал ер адамдарды 60 жастан бастап зейнетке шығуды сұрайды.
Оның айтуынша, соңғы уақыттарда ерлердің өмір сүру ұзақтығы күрт төмендеген, 55-60 жас аралығындағы ер адамдар денсаулығына байланысты күрделі мәселелерге тап болады.
«Егер сіз шындыққа тіке қарайтын болсаңыз, 40-45 немесе 50-55 жастағы ер адамдарда денсаулығына байланысты қиындықтар кездесетінін және кейбірі дүниеден өтіп кетіп жатқанын байқайсыз. Сондықтан, ер адамдар да лайықты демалыстарын өз уақытында алып, мемлекеттің қамқорлығын сезінуі тиіс деп ойлаймын.
Ия, еркектер әйелдерге қарағанда физикалық жағынан мықты екенін бәріміз білеміз. Бұлай болғанда әйелдердің де 63 жастан кейін ғана зейнетке шығуы керек екенін қалай түсіндіруге болады?
«Көбісі өз құқықтарын қорғай алмайды және қиын жағдайға тап болады. Әйелдердің әлеуметтік жағдайына назар аударатын кез келді », - дейді адвокат.
«Мен артық ештеңе талап етпеймін. Әйтсе де, әйелдердің өмірден ләззат алғандарын, көздерінің жарқырағанын қалаймын. Олар қашанғы басшылардан көмек сұрайды?» - деді Камиша Есмұхамбетқызы.