Полиция қызметкерлері тергеу жүргізу үстінде.
Түркістан облысында болған жантүршігерлік жағдайды полиция өкілдері біледі. Екі мектеп оқушысы арасында жанжал шығып, біреуі екіншісін итеріп жіберді. Құлаған оқушы кейінірек қайтыс болған.
Мектептің ауласында құлап жатқан сегізінші сынып оқушысы Бейбарыс Батырхановты алғаш көрген мұғалім - Қуаныш Айтен. Ол кезде алты оқушы жасөспірімнің қасында қаумалап тұрған. Қуаныш Айтен не болғанын сұрағанда, балалар оның өздігінен құлап қалғанын, басқа ештеңе білмейтінін айтқан.
«Ол қимылсыз болатын, мойны қатып қалған. Олар оның бетін жуып, алғашқы медициналық көмек көрсетті », - дейді мұғалім Қуаныш Айтен.
Бірақ дәрігерлер баланы құтқарыып қала алмады. Полицияның мәліметінше, оқушылардың бірі оны итеріп жіберген. Содан кейін қорқып, үйіне қашып кеткен. Барлығын толық анықтау үшін тәртіп сақшылары мектеп ауласындағы бейнебақылау камерасының жазбасын алып, сараптамаға жіберді.
«Оның сыныптастарының бірімен арада түсініспеушілік болғандығы анықталды. Қазір тергеушілер бұл оқушылармен жұмыс істеуде », - деді Қазығұрт ауданы білім бөлімінің басшысы.
«Қазір біз оқиға орнында болғандардың барлығын тексеріп жатырмыз », - деді Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің бастығы Арман Ақшораев.
Жасөспірім отбасындағы үшінші бала. Сол күні таңертең туыстарының айтуы бойынша, ол әдеттегідей сабаққа кеткен. Ата-анасы оқиға жайлы естігенде мектепке жүгіріп келген, бірақ баланы бұл уақытта алып кеткен болатын. Олар мәйітханада жансыз денені көрді. Сондықтан оқиғаның шынымен қалай болғанын түсінбейді де.
Ол бізге көмектесем деп уәде берген. Ол біздің үйде қора толы мал болғанын қалады. Мұның бәрі тек арман болып қалғаны өкінішті, - деді марқұмның әкесі Ғабидин Батырханов.