Just Support қорының атқарушы директоры Светлана Богатыреваның айтуынша, 2019 жылы 180 кәмелетке толмаған қазақстандық өз-өзіне қол жұмсады. 2018 жылмен салыстырғанда суицид саны 6,7 пайызға өсті.
Өзін-өзі өлтіру оқиғасы бойынша көшбасшылар тізіміне Түркістан (38 жағдай), Алматы (27 жағдай), Жамбыл (16 жағдай) және Шығыс Қазақстан (14 жағдай) облыстары кіреді.
Светлана Богатырева мектеп психологтары жасөспірімдердің психикалық жағдайын бақылауы керек дейді.