Нұр-Сұлтан BAIRAQ.KZ- Елорда әкімдігінің
баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қала аумағын өңдеу 4 аудандық әкімдіктердің күшімен жүргізілуде. Қаланың тұрғындар ең көп баратын аумақтарына ерекше назар аударылатын болады. Бүгін "Алматы" ауданы әкімдігінің мердігерлік ұйымы "Триатлон", "Президентский" саябақтарының аумағында, сондай-ақ Б. Момышұлы ескерткішіне, "Хайвил" ТК, "Гранд Астана" ТК, "Французский квартал" ТК және Панфилов көшесінің бойындағы Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскеде масаларға қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізуде. Жұмысқа 3 бригада, 3 автокөлік, 3 биолог тартылды, сондай-ақ термогенераторлар, жел генераторы, Роторлық бүріккіштер жұмылдырылды. Жұмыстар сағат 22:00-ден 5:00-ге дейін жүргізіледі. "Байқоңыр" ауданы бойынша сағат 22.00-де А. Иманов, А. Сембинов, А. Пушкин, Кенесары көшелері бойынша дезинсекциялық жұмыстар жүргізілуде. Барлығы 1 биолог, 10 дезинфектор, 1 бригадир, 1 құюшы, 3 термогенератор жұмылдырылды. "Есіл" ауданыны бойынша әкімдіктің мердігер ұйымы 22.00-ден сағат 5.00 "Шығыс Ильинка" тұрғын алабы, KADEX көрме орталығының аумағы, "Есіл" өзенінің жағалауында масаға қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Жұмысқа 8 адамнан 5 бригада, 4 автокөлік, 2 биолог тартылды. Жұмыстарды термогенераторлар, роторлық бүріккіштер жүргізбек. "Сарыарқа" ауданы бойынша масаларға қарсы өңдеу "Агрогородок" аумағында жүргізілетін болады. 2 бригада , 2 термогенератор бригадасы, 1 бригадир, 2 бірлік автокөлік, 2 құйғыш, 1 бірлік ДУ - 1000 жұмылдырылды. Қосымша 1 бригада , жұмыс уақыты сағат 5.00-ден 8.00 -00.[/justify]