NASA орбитадан жасалған «ғаламның жиегінің» фотосуретін жариялады. Агенттік өкілдері бұл фотоны «космостың шетінен ашық хат» деп атады.
Фотосурет NASA агенттігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Алты сағат ішінде сурет жарты миллион адамға «ұнаған».
«Бұл бұлттар арқылы Күннің жер горизонтына бұрылған сәтін және қалай жарық бере бастайтынын көруге болады», - делінген жазбада.
Агенттіктің мәліметіне сәйкес, бұл фотосурет МКС арқылы жерден 443 шақырым биіктікте, Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінің үстінде түсірілген. Суреттегі күміс түстес бұлттар атмосфера қабатының ең биігі болып саналады-мыс.