Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Раимқұлова Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік театрының әртістерімен кездесті. Бір күн бұрын актерлер мен костюмерлер директордың қызметінен босатылуына наразылық танытқан болатын, бірақ бөлім басшысымен сөйлескеннен кейін олардың пікірлері өзгерді.
Кездесу барысында Ақтоты Раимқұлова басшы өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді.
«Директор электронды пошта арқылы өз еркімен кететіндігі туралы мәлімдеме жіберді. 29 желтоқсанда ол үйлену тойын өткізген болатын. Біз оны құттықтаймыз. Қазіргі уақытта ол шетелде жүр», - деді Мәдениет және споорт министрі.
Сонымен қатар, телеарнаның хабарлауынша, министрлікке театр басшылығына қатысты көптеген шағымдар түседі. Ғимарат жөндеуді қажет етеді, директор мен оның көмекшілері жобалық-сметалық құжаттаманы тапсыру мерзімдерін кешіктірген. Оларға тіпті айыппұл салынды.
Сондай-ақ, министрмен сөйлескеннен кейін актерлер директормен қоштасуға дайын екендігі айтылды. Қазір актерлердің бір бөлігі оның басшылығымен театр қойылымдарының деңгейі төмендеді десе, ал біир директормен бірге театр өмірінің жақсарғанын айтты. Жаңа костюмдер тігіліп, декорация жаңартылып, залда жарық қалпына келтірілген.
«Ортада келіспеушілік бар. Бір жыл ішінде біз екіге бөліндік. Келіспеушілік болса біз бір-біріміздің көзімізге қалай қараймыз? Директордың ұсынған қойылымдары біздің деңгейімізге сәйкес келмейді»
Бұған дейін Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік театрының әртістері мәдени мекеме директорын жұмыстан босатуды талап етіп, сахнаға шығудан үзілді-кесілді бас тартқаны туралы хабарланған болатын.