Сауд Арабиясындағы Қазақстан елшілігі мен Бахрейн полициясының біріге жұмыс істеуінің нәтижесінде 21 қазақстандық қыз сексуалды құлдықтан азат етілді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жас қыздар қонақ үйде қызмер көрсетпек болып, сонымен қатар, жұмыс берушілер ұсынған ірі көлемдегі қаражатқа қызығып, шекара асқан. Бірақ бара салысымен «жұмыс берушілер» олардың құжатын тартып алып, сексуалды қызмет көрсетуге итрмелеген. Қарсы болғандарды аяусыз таяқтаған», - делінген министрліктің мәлімдемесінде.
Осындай құлдыққа түскен барлық қыздар құтқарылып, қазір тексеру шаралары жүріп жатыр.
«Жәбірленушілердің барлығы қалыпна келтіру орталықтарына жайғастырылған. Жақын арада олар елге оралады», - делінген мәлімдемеде.
Бұл – зайырлы заманның, жаһандық бірліктің ақ жолына кесе-көлденең тұру. Кешегі елімізде болған ахуалда сөз ұғатын азаматтар халықаралық дау туғызудан алшақ болуға шақырған. Енді біз өз қыздарымыздың арын таптағандарға қарсы не істейміз?!