Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Балалар 25 қазанда таңертең сағат 10:00 шамасында жоғалып кеткені хабарланды. Соңғы рет оларды Алматыдағы «Думан» ықшамауданында көргендер бары айтылды. Бірақ балалар Алматы облысының Талғар ауданына қарасты көршілес Бесағаш ауылында тұрады.
Жоғалған балалардың әкесі Жанболаттың айтуынша, Арман, Иманғали және Ақеркені соңғы рет Думан ықшамауданындағы дүкеннен бәліш сатып алып тұрған жерінде байқағандар бар. Содан бері оларды ешкім көрмеген. Ақерке қызыл күртеше киген, ал ұлдар қара түсті. Олардың телефоны жоқ.
Алматы облысының полицейлері ақпаратты растады. Тәртіп сақшылары толығырақ ақпаратты кейін беруге уәде берді.