Оқиға 18 қазанда тал түсте Сәтбаев қаласының орталығында орналасқан «Ulytau mall» сауда үйінің алдында болған. Салдарынан бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Жарақат алған 1998 жылы туған азамат Жезқазған қаласындағы облыстық көпбейінді аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Атылған оқтан оң жамбасына және жыныс мүшелеріне зақым келген. Сонымен қатар арқа тұсы мен екі жауырын аралығына пышақ жарақаты салынған. Хирургтер көмек көрсетіп жатыр», - деп мәлім етті Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасынан.
Оның бірі көлік басқаруында болса, екіншісі болжам бойынша жәбірленушіге оқ атқан.
Ұсталған азаматтар атысқа қатысқандарын мойындады. Алдын ала болжам бойынша Ulytau Mall сауда үйінің алдында жас жігіттер сөзге келіспей қалып, соңы төбелеске ұласқан.
Көлікпен кетіп бара жатып, күдіктілердің бірі 24 жастағы азаматқа оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен.
«Аталған факт бойынша Қылмыстық кодексінің 24-99 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысушылардың жеке бастары анықталды. Қазіргі уақытта оларды ұстау бойынша кешенді шаралар жүргізілуде», – деп жазды аймақтағы Полиция департаментінен.