Жыл басынан бері Астана аумағында есірткі сатумен айналысқан 69 сайт бұғатталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Бұл жайында Астана қаласы полиция департаментінің өкілі: «Есепті кезеңде қала аумағында есірткіні насихаттау, жарнамалау фактілері мен есірткі айналымына қатысты сайттардың жолын кесу бағытында үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Осылайша жыл басынан бері 69 сайт психикалық белсендіретін заттарды сатқаны үшін бұғатталды», - деді.
Оның айтуынша, есірткі саудасына қатысы бар сайттар бұғатталып қана қоймай, оны ұйымдастырушыларды жауапқа тарту қатар жүреді.
«Есірткі жарнамалаумен, есірткі саудасына қатысы сайттармен байланысты 11 қылмыстық іс қозғалды», - деді Сергей Ильиных.