Сақтық шаралары күшейтілді.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алматыдағы барахолка базарлары не үшін жабылғанын түсіндірді.
«Сіздер түсінулеріңіз керек. Себебі, барахолкадан зорлық-зомбылыққа шақыру әрекеті болды, сәйкесінше сақтық шаралары күшейтілді », - деп түсіндірді ол.
Бүгін таңертең интернетте барахолка базарлары бос тұрғаны, сәйкесінше ол жерде әскери техника мен полиция орналасқаны туралы видео пайда болды.