China CITIC Bank қаржы ұйымының көмегімен Бейжіңдегі ірі сауда базарларының бірі Синьфади Қазақстаннан 60 тонна сиыр етін сатып алды. Дәл осындай көлемдегі тасымалды ұзақ мерзімге жоспарлауға көрші мемлекет құмбыл-ақ.
Жиырма тонна сиыр еті артылған алғашқы контейнер Синьфади базарына жергілікті жұртшылық жаңа жылды тойламай тұрып жеткен. Олар Бейжің жұртын етпен қамтамасыз етуге барын салуда.
Тойым дегенді түсіне қоймайтын қысық көзді көршіміз Қазақстаннан 5 000 тонна жас ет алуды көздейді-мыс. Ал түстігіне де, кешкі асына да ет жеген қазақтың тәбеті ортаймаса да, қызылсырап отқан жайы бар. Қош! Әлгі бес мың тонна ет туралы алғашқы тауар жеткен кездегі салтанатты шарада Синьфади базарының төрағасыЧжан Юйси айтыпты.
«Біз қазақстандық ауылшаруашылық өнімдерінің Синьфади және басқа да қытай базарларына келуін асыға күтеміз», - деді ол.
Синьфади дегеніңіз күллі Бейжіңді ауылшаруашылық өнімдерімен 90 пайызға қамтамасыз ететін ірі сауда орталығы. Оның 2019 жылғы тауар айналымы 131,9 миллиард юаньді, яки 19,2 миллиард долларды құраған. Ірі ғой, ірі...
Қытай қазақтың етін бірінші рет жегелі отқан жоқ. Өткен жылдың тамыз айында Қорғас кедені арқылы Шыңжаң Ұйғыр автономилық ауданы арқылы 18 тонна ет алдырып, артынша бұл сауда-саттық үзіліп қалған.
«ҚХР тарапы осы уақытқа дейін төрт бірдей қазақстандық өндіріске ет тасымалдауға рұқсат берген. Бұл тізімді одан әрі ұлғайтып, қазақстандық ет экспортын дамытуды көздеп отырмыз», - деді ҚР Ауылшаруашылық министрлігі Ветеринарлық қадағалау комитетінің төраға орынбасары Тұрсын Қабдулданов.
Ал Қытайдың Сыртқы істер министрі Ли Цзяньпин Қазақстан мен Қытайдың ауылшаруашылық өнімдерін, оның ішінде бидай, соя, сиыр және қой етін саудалауда тығыз қарым-қатынаста екенін жеткізді.
Былтыр мамыр айында Қытай вице-премьерінің Қазақстанға сапары барысында China CITIC Bank пен Халық Банкі өзара тәжірибе алмасу жөнінде форум өткізген-ді. Сондай-ақ, қос тарап қытайлық компаниялардың Қазақстанда жұмыс жасауына қатысты іскерлік кездесу ұйымдастырды.
China CITIC Bank Халық Банктен Altyn Bank-тің 50,1 пайызын сатып алды. Бұл 2018 жылдың сәуір айы еді.
Бүгін етке ауыз салса, ертең басқаға... Қытайдың нарығын ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету бізге қаншалықты тиімді?!