Браконьерлік фактілер бойынша құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізу үстінде.
5 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары жүргізген рейдтер барысында бір апта бұрын 45 атылған оқ беллгілері, сондай-ақ ақбөкендердің 25 қаңқа қалдықтары табылды.
Оқиға орнына Жаңақала аудандық полиция бөлімінің жедел тобы шақырылды.
Осыған ұқсас жағдай 24-30 қаңтар аралығында осы ауданда орын алды, сол уақытта 71 ақбөкен өлі табылған болатын. Браконьерлік фактілер бойынша құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізу үсттінде.
«Охотзоопром» өндірістік-коммерциялық кәсіпорнының инспекторлары 2020 жылдың 1 қаңтарынан 5 ақпанына дейінгі аралықта 13 құқық бұзушылықты, 73 ақбөкеннің қаңқасы мен 26 мүйізін, қарақұйрықтың 1 қаңқасын, 715 кг балық етін тәркіледі, «Охотзоопромның» материалдары негізінде 13 адамға қатысты қылмыстық істер қозғалды. 16 қаңтарда Қызылорда облысының жедел тобы ақбөкендерді заңсыз аулағаны үшін үш «Охотзоопром» инспекторын ұстады.