Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар өткен түнде Мәскеуде дүниеден озды.
Болжам бойынша 44 жастағы Айдар Ақаевтың жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Айдар Ақаев Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызымен 1998-2001 жылдар аралығында бір шаңырақта өмір сүрген.
Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың Бермет, Айдар, Саадат және Илим атты төрт ұлы бар. Бермет пен Айдар Жоғарғы Кеңесте сайлауға түсіп, «Алға Қырғызстан» партиясының атынан депутаттық мандат алған. Бұл елде үлкен резонанс туғызды уағында. 2005 жылдың 24-наурызында митингтер нәтиже беріп, Асқар Ақаев орынтақтан алынды да, отбасымен шетелге қашқан.
Айдар Ақаев Әлия Назарбаевамен ажырасқаннан кейін кинематография саласындағы атақты отбасылардың бірі Чокубаевтардың қызы Сайкалға үйленген. Мәскеуге қоныс аударғаннан кейін айдар бизнеске бет бұрған еді.