Қазақстан Республикасының экономикасы әрбір қазақстандық жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан жағдайда 109 миллион теңге жоғалтады.
«Зерттеулер бойынша (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті) кез келген қазақстандық жол апатынан көз жұмса ел экономикасы 109 миллион теңге, ал ауыр жарақат алса 16 миллион теңге жоғалтады», - делінген «Қазақстан Республикасының көлік туралы заңына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» заң актісінің концепциясында.
Нақтыласақ, жыл сайын елімізде жол апатынан 2 мыңнан аса адам көз жұмады. Ал соңғы он жыл ішінде осы себеппен бақилық болғандар саны 30 мыңнан асып жығылған. Салыстырмалы түрде бұл Атбасар, Сарыағаш, Арал сияқты қалалардың халық санымен бірдей.