Bek Air әуе компаниясының қызметкерлерінің отбасы мемлекет басшысына өз ахуалдарын жеткізді.
Олардың айтуынша, айдан аса уақыт жалақы алмағандықтан, қарыздарын төлей алмай, соңғы ақшаларына күнелтіп отыр. Қазір компанияның ондаған қызметкері ақысыз демалыста.
Bek Air компаниясының бортсеріктерінің бірінің әйелі құлаған лайнердің ішінде болғанын, адамдарға сыртқа шығуға көмектескенін жеткізді. Дәл қазір бұл отбасы да соңғы ақшаларына күн көріп отыр-мыс.
Сонымен қатар, билет алған жолаушылар да өз ақшаларын қайтаруға мүдделі екенін білдірді.