Теміртау көгінен түскен қара қардың күн жаңалығына айналғаны өтірік емес. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесу барысында аталған мәселеге қатысты түсінік берді.
«Мен әлеуметтік желіден өңірге қатысты барлық мәселелерді қарап отырамын. Осы мәселені шешуді мықтап қолға алдық. 2024 жылға дейін бұл түйін шешіледі деп ойлаймын, өйткені, «АрселорМиттал Теміртаудың» жоспары осындай. Бүгін қаланы аралап жүріп қара қарды көрдім. Бұл нәрсе сіздер сияқты мені де уайымдатты», - деді ол.
Әкімнің айтуынша, «АрселорМиттал Теміртаудың» жоспары бойынша 2024-2025 жылға дейін аймақтың экологиялық ахуалын арттыру көзделген.
«Экологияның 80 пайызы металлургия комбинатынан шығып жатыр», - деді аймақ басшысы.
Облыс басшылығы Теміртаудағы металлургиялық комбинатты табиғи газға көшіру арқылы экологиялық мәселені шешуді көздейді.