ҚР ҰҚК Алматы облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін тұтқындағаны туралы айтып берді.
Арнайы операция 1 ақпанда жасалды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп «вор в законе» деп аталатын Серік Жаманаев басқаратын ұйымдасқан қылмыстық топты қолға түсірді.
«Жаманаевпен бірге ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде зорлық-зомбылықты жасауға қатысы бар деп күдікке ілінген қылмыстық топтың алты өкілі ұсталды. Тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде олардың тұрғылықты жерінде автомат, ірі көлемдегі ақша, сондай-ақ басқа адамдардың мүлкін тәркілегені туралы айғақтар табылды», - делінген ҰҚК мәлімдемесінде.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел-тергеу тобы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде.