Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің бастамасымен телефон арқылы сөйлесу өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әңгіме барысында екі елдің президенттері кедендік шекараларда тауарларды тасымалдау рәсімдерін жеңілдету мақсатында цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Осы мүмкіндікті пайдаланып, Жээнбеков Тоқаевқа Қырғызстан азаматтарын Ухань қаласынан эвакуациялауда көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.
Қазақстан Қытайдың Ухань қаласынан Қырғызстанның 18 азаматын көшіруге көмектескені белгілі болды.